Ақпан айының 4-8 күндері Семей қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан балғын балуандар қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында біздің жерлестеріміз де облыс намысын қорғады. Аталған жарыста жерлесіміз +75кг салмақта Сүйіндік Ерлан үшінші орынды еншіледі.

Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын дей отырып алдағы уақытта да жеңісті күндерден көріне беруіне тілектеспіз!

«Өскен өңір» – ақпарат.