Ақпан айының 15-17 күндері Жетісай қаласында грек-рим күресінен 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының кезекті чемпионаты өтті. Аталған жарыста біздің ауданымыздың балуандары да өз бақтарын сынады.

Қызықты да тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс жүлдені еншіледі.

Атап айтар болсақ, 60 кг салмақта Тұрсын Жоламан мен 80 кг салмақта Абдуталипов Нурислам алтыннан алқа тағынды. Ал, күміс жүлдені 45 кг салмақта Аягутов Тимур мен Тұрсынхан Нұрымхан еншіледі.

Жеңіске жеткен спортшыларымыз бен жаттықтырушылары Дүйсебаев Эрман және Жұмәлі Жандосты жеңістерімен құттықтай келе, алдағы ҚР чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!

«Өскен өңір» – ақпарат.