Осы аптада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Сидней Олимпиадасының чемпионы, еліміздің атақты боксшысы Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық жарыс өтті.
Бокс додасына еліміздің былғары қолғап шеберлерімен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Монғолия елдерінен ең мықты деген жас спортшылар қатысты.
Еліміздің намысын қорғап, жекпе-жекте тамаша өнер көрсеткен жерлесіміз, бұрымды боксшы Сәрсенбек Ұлжан 57 келіде қарсылас шақ келтірмей, жеңіспен оралды. Сонымен қатар рингте атой салып ғаламат жеңіске жеткен спортшымызға үздік өнер көрсеткені үшін «Үздік спортшы» атағы берілді.
Осылайша боксшы балғын қыз Ұлжан 8 Наурыз мерекесі қарсаңында жерлестеріне тамаша тарту жасады.
«Өскен өңір» – ақпарат.