Наурыз айының 1-6 күндері Талғар қаласында бокстан жасөспірімдер арасында «Батыс» аймақтық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа облысымыздың атынан жерлесіміз 43 кг салмақта Қалдар Нұғман қатысып, бақ сынады. Нұғман өз кезегінде барлық қарсыластарынан басым түсіп алтыннан алқа тағынды. Сонымен қатар жарыстың «Үздік боксшысы» номинациясымен марапатталды.

Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта өтетін ҚР чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз.

Өз тілшімізден.