Наурыз айының алғашқы күндерінде пауэрлифтинг спортынан Астана қаласында жасөспірім ерлер мен қыздар арасындағы ҚР чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа «Шардара аудандық күш спорт түрлерінен спорт клубының» спортшылары да қатысып, бақ сынады. Бақтары мен баптары келіскен жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иемденді.
Атап айтар болсақ, 74 келі салмақта Тойлыбай Арман І орынды, 66 келі салмақта Тұрғанбай Қазыбек ІІ орынды, 66 келі салмақта Мыңболат Мақсат ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымызды және олардың бапкері Жұмадулла Нұрмұхамедті жеңістерімен құттықтаймыз.
Өз тілшімізден.