Апта барысында екі бірдей спортшымыз жоғары атақтарға ие болып, мерейімізді тасытты. Атап айтқанда, «Шардара Армспорт» клубының аға бапкері Малбасов Ғани Үсенұлына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы бұйрығымен «Қазақстан Республикасынының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

Сонымен бірге «Шардара Армспорт» клубының спортшысы, Армрестлингтен 4 дүркін Әлем чемпионы Әбсаттар Дәурен Жанатұлына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы бұйрығымен «Қазақстан Республикасынының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді.

Ел үшін еткен еңбектері еленіп, осынау атаққа қол жеткізіп отырған спортшыларды құттықтай келе, алдағы уақытта да жеңіс тілейміз!

«Өскен өңір» – ақпарат.