Жуырда Албанияда ауыр атлетикадан кезекті әлем чемпионаты болып өтті. Дүбірлі додаға әлемнің ең мықты зілтеміршілері қатысып, өзара мықтыларды анықтады.
Аталған байрақты бәсекеге Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Арапбай Нұрасыл Нұржанұлы да қатысып, еліміздің намысын қорғады. Нұрасыл өз салмағында ІІІ орынды иемденіп, көк туымызды көкке көтерді. Нұрасылға алдағы уақыттары да сәттілік пен жеңіс тілейміз!
«Өскен өңір» – ақпарат.