Жуырда Шымкент қаласында пауэрлифтингтен жасөспiрiм ұлдар мен қыздар, ерлер мен әйелдер және ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өттi.
Аталған жарысқа жаттықтырушы Шардахмет Қазбек бастаған спортшыларымыз қатысып, бақ сынады.
Осы жарыста жерлестерiмiз 1 алтын, 1 күмiс, 1 қола жүлденi еншiлеп, мерейiмiздi үстем еттi. Атап айтар болсақ, 48 кг салмақ дәрежесiнде Мыңболат Мақсат алтыннан алқа тағынса, 59 кг салмақта Жұмадiлла Нұрмұхаммед күмiс жүлденi, ал 48 кг салмақ дәрежесiнде Тойлыбай Арман қола жүлденi қанжығасына байлады.
Жерлестерiмiздiң жеңiстерi құтты болсын дей отырып, алдағы бәсекелерде үлкен белестердi бағындыруына тiлектеспiз.
«Өскен өңiр» – ақпарат.