Жуырда Қарағанды қаласында ауыр атлетикадан 2009 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықтылардың қатарында шардаралық спортшылар да бақ сынады.
Тартысты додада шардаралық спортшылар 2 алтын, 1 қола медальды қанжығаларына байлады. Атап айтар болсақ, Арапбай Жанасыл (61 кг) мен Құралтай Дамира (71 кг) алтыннан алқа тағынса, Сырайл Мансұр (37 кг) күміс жүлдені еншіледі.
Жерлестеріміздің бұдан да үлкен жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.
«Өскен өңір» – ақпарат.