Қыркүйек айының 7-12 күндері аралығында Өзбекстанның Хиуа қаласында гір көтеру спортынан кіші жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 50-ге жуық мемлекеттен 600-ге жуық спортшы қатысты.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында ұзын айналым, серпе көтеру және жұлқа көтеру бойынша сынға түскен жерлестеріміз дүниежүзінің алдында 8 рет Әнұранымызды шырқатты.
Атап айтар болсақ, кіші жасөспірімдер арасында Еркебұлан Келдібаев (екі алтын), Нұржігіт Өсербаев, Бахыт Ілияс (екі алтын), жастар арасында Ергеш Нұрболат, Бақдәулет Шынтанов, Әсем Серікбайлар алтыннан алқа тағынды.
Жеңіс құтты болсын!
«Өскен өңір» – ақпарат.