Бірнеше күннен бері Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында әлемдік жекпе-жек ойындары өтуде. Аталған әлемдік додада Қазақстан құрама сапында «Шардара Армспорт» клубының спортшылары қол күресі бойынша еліміздің намысын қорғады. Бұған дейін де талай-талай дүбірлі додаларда топ жарып жүрген жерлестеріміз бұл жолы да алтыннан кенде болмады. Нақты айтсақ, 5 спортшымыз Әнұранымызды шырқатып, ел абыройын асқақтатты.

Алтын жүлдені 70 келіде Сарыбай Ердәулет, 80 келіде Айдархан Нұрдәулет, 100 келіде Ақтаев Талғат, 110 келіде Қаржау Есболат, 110 келіден жоғары салмақта Медет Құттымұратов иеленіп, қазақ елінің көк туын көкке көтерді.

Айта кетелік, әлемдік жекпе-жек ойындары 8 күнге жалғасты. Спорттың 16 түрінен додаға түскен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 12 алтынмен 2 орынға табан тіреген болса, соның 5 алтынын біздің жерлестеріміз алып отыр.

Әнұранымызды шырқатып, көк туымызды көкке көтеріп, ел абыройын асқақтатқан жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз! 

«Өскен өңір» – ақпарат.