Қараша айының 17-25 күндері аралығында Өзбекстан елінің Самарқанд қаласында армрестлингтен Азия кубогы өтті. Аталған байрақты бәсекеге Азия құрлығының бірқатар елдерінен құрыш білекті спортшылар қатысып, жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Ел намысын қорғап барған жерлестеріміз байрақты бәсекеде өз мықтылықтарын тағы бір дәлелдеп, 23 алтын алқаны қанжығалады.
Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестермізді атап айтар болсақ, жас жеткіншектер арасында Ж.Абдурахман, Қожабек Бекнұр, Әбсаттар Нұрислам, Хали Текжігіт, Алдан Нұрсұлтан және Оралбай Ұлжан (қыздар арасында) жеңістің биік тұғырына көтерілді.
Жасөспірімдер арасында Мыңжасар Ерзат, Бекхан Нұрислам, Ибрагим Әділет, Серікұлы Бейбарыс, Полат Ермахан және Ырысты Оразхан (қыздар арасында) топ жарды.
Жастар арасында Қожантай Бекжан, Сарыбай Ерасыл, Есенбай Бекзат ешкімге дес бермесе, ересектер арасында Рүстембек Жарылқасын, Ерсайын Мейрамбек, Есен Ерасыл, Айдархан Нұрдәулет, Ақтаев Талғат өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді.
Абсолюттік салмақ дәрежесінде өз бағын сынап көрген Айдархан Нұрдәулет қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынды.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!
«Өскен өңір» – ақпарат.