Өткен аптаның соңында Шардара қаласында ядро лақтырудан 2008-2009, 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Шардара ауданы әкімінің кубогы» өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Айдаров сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша 2008-2009 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында 1-орынды Жаманбай Азамат, 2-орынды Құлатай Шадияр, 3-орынды Бердіхан Ерқанат иеленді. Қыздар арасында 1-орынға Есіркеп Ұлбосын, 2-орынға Жаманхан Нұрсезім, 3-орынға Хурсанд Мархаба ие болды.

2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында 1-орынды Құлмаханбет Бибарыс, 2-орын Оразбек Данияр, 3-орын Сәрсенбай Бекнұр иеленсе, қыздар арасында 1-орынға Орынбасар Перизат, 2-орынға Оралбек Мейрамкүл, 3-орынға Әмірхан Жанерке ие болды.

Жарыс соңында жеңімпаз командаларға арнайы кубок, медаль, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«Өскен өңір» – ақпарат.