Апта барысында аудандық мәдениет үйінде ұлттық спорт түрлерінен 2023 жылғы «Жыл үздіктері» атты шара өтті. Үздіктер көкпар, қазақ күресі, аударыспақ, тоғызқұмалақ, құсбегілік және асық ату секілді ұлттық спорт түрлері бойынша марапатталды.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысып, сөз сөйледі.

«Жалпы Шардара ауданы кез келген спорт түрінен жаман нәтиже көрсетіп жүрген жоқ. Өздеріңізге мәлім, біздің аудан чемпиондар жері деп айтылады. Ауданда 120-дан астам Әлем чемпиондары тұрады. Бұл көрсеткіш дүниежүзі бойынша ешбір елдің бір ауданынан шықпаған.

Бүгінгі күні ауданымызда да ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Осында отырған баршаңыз оған куәсіздер. Бүгінгі таңда ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық спорт түрлерінің дамуы мен насихатталуына үлкен қолдау көрсетілуде. Сондықтан ұлттық спортымызға үлес қосып жүрген әрбіріңізге ерекше алғыс айтқым келеді» – деді Б.Шомпиев.

Құттықтау сөзден соң «Жыл үздіктері» марапатталды.

«Жыл үздігі-2023» номинациясына ие болған азаматтар:

  1. Базарбаев Ибрагим Мұсалымұлы, құсбегі (жаттықтырушы).
  2. Халбай Әмірхан Жүсіпбекұлы, асық ату (жаттықтырушы).
  3. Жүсіп Дархан Есімханұлы, аударыспақ (жаттықтырушы).
  4. Андагелді Жанкелді Сәрсенұлы, қазақ күресі (жаттықтырушы)
  5. Аждурлиев Тұрар Валиұлы, тоғызқұмалақ (жаттықтырушы).
  6. Сейіткерімов Нұрәділ Тәттібекұлы, аударыспақ (спортшы).
  7. Айдекен Нұрдана Аманкелдіқызы, қазақ күресі (спортшы).
  8. Жазұзақ Диас Ілиясұлы, тоғызқұмалақ (спортшы).
  9. Халберген Абуәли Жанатұлы, асық ату (спортшы).
  10. Қайрат Әлімбайұлы, көкпар (ардагер шабандоз).
  11. Мұрат Қуанышұлы, көкпар (ардагер шабандоз).
  12. Әбдіқадыров Қадыр Алтынбекұлы, көкпар (шабандоз).
  13. Түзелов Рысбек Шүренбайұлы, көкпар (шабандоз).
  14. Ибрагимов Алтынбек Тәңірұлы, көкпар (шабандоз).
  15. Ерімбетов Бақдәулет Нұржанұлы, көкпар (шабандоз).
  16. Тәшкенбай Бақберген Төлбасыұлы, көкпар (шабандоз).
  17. Әбдіразақ Рамазан Ескендірұлы, көкпар (жас шабандоз).
  18. Тілегенов Нұрболат Алтынбайұлы, көкпар (атбегі).
  19. Ақжігітов Мейрамбек Арыстанұлы, атбегі (Үздік сәйгүлік «Парламент»).
  20. Жұмабек Қабланбек Райымбекұлы, атбегі (Үздік сәйгүлік «010 Торы»).
  21. Тұрсынов Береке Мұратұлы, көкпар (Төреші).

"Өскен өңір" – ақпарат.