Қаңтар айының 15-17 жұлдызы аралығында Түркістан қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа Шардара ауданының балуандары да қатысып, бақ сынады.
Облысымыздың кіл мықтылары бас қосқан белдесуде біздің ауданымыздың намысын қорғаған спортшылар 1 алтын, 2 күміс жүлдеге ие болып, мерейімізді тасытты.
Атап айтар болсақ, 81 келіде күрескен Құлмырза Бексұлтан қарсыла шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынса, 73 келіде бақ сынаған Азамат Сахибаев пен 90 келіде белдескен Мекенбай Ұлықпан күміс жүлдегер атанды.
Жеңіске жеткен спортшылардың алдағы ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз.
«Өскен өңір» – ақпарат.