Спортсүйер қауымның жадында болса керек, таяуда Норвегия елінің Лофтхус қаласында армрестлингтен Әлем кубогы жарысы өткен болатын. Кешегі аптада осынау дүбірлі дода өз мәресіне жетті. Әлемнің түкір-түкпірінен жиналған құрыш білектілер сайысында біздің сайыпқыран жерлестеріміз ел намысын абыроймен қорғап шықты.
Тарата айтсақ, Ибрагим Әділет 65 келі салмақта алтыннан алқа тақса, Тұрғанбек Тұрарбек 70 келі салмақта, Басымбек Нұрболат 75 келі салмақта, Полат Ермахан 85 келі салмақта қарсыластарынан басым түсіп, Әнұранымызды шырқатты. Ал аса ауыр +110 кг салмақта Медет Құттымұратов қарсылас шақ келтірмей, көк туымызды көкке көтерді. Осылайша бес бірдей балуанымыз қол күресі бойынша Әлем кубогының иегері атанды.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!
«Өскен өңір» – ақпарат.