Наурыз айының 7-10 күндері аралығында Тараз қаласында Гір көтеру спортынан жастар, жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Аталған байрақты бәсекеге біздің жерлестеріміз де қатысып, білек күштерін сынға салды. Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз қанжығаларына 9 алтын, 4 күміс, 8 қола медаль байлады.
Атап айтар болсақ, серпе көтеру бойынша жастар арасында Байдуллаев Бағжан (63 кг) алтын, Қуаныш Ерасыл (78 кг) күміс, Бисенбай Ерсұлтан (85 кг) мен Амандық Асылбек (95 кг) қола, 95 келіден жоғары салмақта Тұрғанбай Нұрбатыр күміс жүлдені еншіледі.
Жасөспірімдер арасында Келдібаев Еркебұлан (63 кг) алтын, кіші жасөспірім арасында Жайсанбай Нұрқанат (48 кг) алтын, Тастанбек Бексұлтан (53 кг) күміс, Бахыт Илияс (68 кг) алтын, Серікбай Нұрбала (53 кг) қола, Серікбай Ажар (58 кг) қола медель жеңіп алды.
Жұлқа көтеруден жастар арасында Ергеш Нұрболат (78 кг) қола, Данышхан Айдар (85 кг) күміс, Бисенбай Ерсұлтан (85 кг) қола, Шынтанов Бақдаулет (95 кг) алтын медальді қанжығаларына байлады.
Жасөспірім арасында Келдібаев Еркебұлан (63 кг) алтын, Зұлпыхар Саят (68 кг) қола, Данышхан Айдар (85 кг) алтын, кіші жасөспірімдер арасында Амандық Азамат (48 кг) алтын, Бахыт Илияс (53 кг) алтын, Серікбай Ажар (58 кг) қола медаль еншіледі.
Осылайша жас балуандар Наурыз мерекесі қарсаңында жерлестеріне тамаша жеңіс тарту етті.
«Өскен өңір» – ақпарат.