15 тамыз – Спорт күні мерекесіне орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев жас спортшыларды қабылдап, кәсіби мейрамдарымен құттықтады.
«Құрметті спортшылар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Өздеріңізге белгілі, Шардара ауданы спорт саласы бойынша алдыңғы қатарда келеді. Бұл сіздер мен жаттықтырушылардың ерен еңбегі деп білемін. Мұнан кейін де, осы қарқыннан таймаңыздар.
Ендігі мақсат – Шардара ауданынан Олимпиада шыңын бағындыратын спортшыларды шығару. Осы жолда ауданымыздан аянбай тер төгіп, еліміздің абыройын асқақтататын тұлғалар шығатынына сенім білдіремін» – деді Арман Романұлы.
Сондай-ақ, әр спортшыға құрмет көрсетіп, Алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.