Осы айдың 15-і мен 25-і күндері  қол күрестен Молдова елінің астанасы Кишинёв қаласында өткен Әлем чемпионатында "Шардара Армспорт" спорт клубының спортшылары 20 алтын, 16 күміс және 4 қола медаль еншіледі. 

Апта басында Әлем чемпионатынан оралған жерлестерімізді Шардара халқы ыстық ықыласпен күтіп алды.

Салтанатты шарада спортшыларды “Шардара Армспорт” клубының негізін қалаушы, аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы жеңістерімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Әлемдік додада еліміздің Әнұранын дүниежүзінің алдында шырқатып келген чемпиондардың жеңісі тарих болып қалатынын айтып, кейінгі өскелең ұрпаққа үлкен өнеге болатынын жеткізіп, жеңісті күндер көп болуын тіледі.

Сонымен қатар Әлем чемпионатында абсолюттік салмақта (+110кг) Әлем чемпионы атанған жерлесіміз Құттымұратов Медетке демеу- шілер атынан аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев "Toyota Camri" автокөлігін табыстады. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.