Шардара дегенде ең бiрiншi еске түсетiнi дәмi тiл үйрер балығы мен республикадағы маңызы бар энергияның көзi “Шардара су электр станциясы” акционерлiк қоғамы.
Құрылғанына 50 жылдан астам уақыт болған бұл нысанның жұмыс өнiмдiлiгi жылдан-жылға жаңарып, қарқынды дамып келедi. “Шардара су электр станциясы” Еуропаның дамыған алпауыт елдерiмен тығыз байланыс орната отырып, бiлiктi мамандарымен тәжiрибе алмасып, шет елдермен қарым-қатынасы жақсы жолға қойылған.
Жақында “Шардара су электр станциясы” АҚ мекемесiнiң алдына монумент орнатылды. Ескерткiш ретiнде жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс атқарған аса қуатты турбина қойылды. Салмағы 40 тоннаға жуық монументтiң ашылу салтанатына “Шардара су электр станциясын” 30 жылдан астам уақыт басқарған, ардагер энергетик Ыбырай Сахов, мекеменiң қазiргi басшысы Бақытбек Жаңабаев, аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Сапаров және “Нұр Отан” партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Е.Қарымсақовтар қатысып, алып монументтiң лентасын қиды.
Сонымен қатар, “Шардара су электр станциясы” АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытбек Жаңабаев 22 желтоқсан “Энергетика күнiне” орай озат қызметкерлерге арнайы Алғыс хаттар табыстап, еңбегi сiңген ардагер энергетиктерге төс белгiлiр тақты. Сонымен бiрге сыйақы мен бағалы сыйлықтар тарту еттi.
Р.Пердебек.