28 сәуір күні Шардараның тумасы, сыршыл ақын, әуесқой сазгер Әбдіғаппар Айдаровтың «Төрт қақпа – төрткүл дүние» атты жыр кеші болып өтті.

Алпыс үш жасты алқымдаған ақынның жыр кеші оның өмірін дәріптейтін бейнебаяннан басталды.

Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ақынға аудан әкімінің атынан ақбоз ат мінгізіп, құттықтау хатын тапсырды. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасының атынан құттықтау хат пен бағалы сыйлық тапсырылса, қоғам қайраткері Ислам Әбішов, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет сынды бірқатар ел ағалары құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдық ұйымдардың төрағаларының атынан бағалы сый-сияпаттар табысталды.

Сондай-ақ, жыр кешінде Ә.Айдаровтың шығармашылығы жинақталған «Төрт қақпа – төрткүл дүние» атты кітабының тұсауы кесілді.

Салтанатты шарада ақынның шабытынан шыққан әндер шырқалып, арнау өлеңдер оқылды. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.