Балалардың бойындағы талантты ұштап, өнерін дамыту, олардың бойына Отаншылдық рухты сіңіру – баршамыздың міндетіміз. Бұл орайда біршама жұмыстар да атқарылып жатыр. Мысалы, жуырда Шымкент қаласында балалар арасында «Дала сазы» атты дәстүрлі ән, күй, терме, қолөнер жанрлары бойынша үлкен байқау өтті. Аталған өнер байқауына біздің балалар саз мектебінде дәріс алып жүрген жас өнерпаздар қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша шәкірттеріміз өте үлкен нәтижеге қол жеткізіп, мерейімізді үстем етті.

Атап айтар болсақ, Әлішер Рахметулла (мұғалімі Манат Кәрібаева) Бас жүлдені жеңіп алды. Жансейіт Мұхаммедұлы мен Нұрдәулет Пернебай (мұғалімі Сәттібек Жолдасбеков), Сержан Тәжібай (мұғалімі Кенжеқыз Байбақова), Асылбек Ділдабек (мұғалімі Айдарбек Шырынбеков) 1-орын жүлдегерлері атанды. Диас Жоламан (мұғалімі Раушан Сыдықова) мен Айзат Жеңіс (мұғалімі Тамара Раушанова) 2-орын, Әбубәкір Рахметулла, Омар Құдайберген, Айару Нұрғалиқызы есімді шәкірттеріміз жүлделі 3-орынға ие болды.

Өнер додасында топ жарған шәкірттер мен оқытушыларды аудандық балалар саз мектебінің директоры Әйгерім Жұмағалиева арнайы құттықтап, алғыс сезімін білдірді. 

Аудандық балалар саз мектебі.