2025 жылы Сырдария өзенінің №2 балық шаруашылығы учаскесінде су биологиялық ресурстарын сақтау мен көбейтуге, су айдынының экологиялық жағдайын жақсартуға және халықтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзегеа сырылды.

Балық шаруашылығы учаскесін шабақтандыру

2025 жылғы негізгі бағыттардың бірі – учаскені құнды және жергілікті балық түрлерімен шабақтандыру болды. Биологиялық негізделген және белгіленген мерзімдерде Сырдария өзеніне мамандандырылған балық өсіру шаруашылықтарында өсірілген балық шабақтары жіберілді.

Шабақтандырудың негізгі мақсаттары:

-табиғи балық қорын қалпына келтіру;

-биологиялық әртүрлілікті арттыру;

-су биоресурстарына келтірілуі мүмкін залалды өтеу.

Барлық шабақтандыру жұмыстары табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтай отырып және жауапты мамандардың бақылауымен жүргізілді.

Балық шабақтарын құтқару және көшіру

Су деңгейінің төмендеуі және уақытша оқшауланған су айдындарының пайда болуы кезеңінде балық шабақтарын құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Балық шаруашылығы учаскесінің қызметкерлері еріктілермен бірлесіп оқшауланған аумақтардан шабақтарды аулап, оларды өзеннің негізгі арнасына көшірді. Аталған шаралар жас балықтардың жаппай қырылуына жол бермей, балық ресурстарының едәуір бөлігін сақтауға мүмкіндік берді.

Сенбіліктер өткізу және жағалау аумағын тазалау

Жыл бойы №2 учаскеде Сырдария өзенінің жағалауын және су маңындағы аумақты тазалау бойынша сенбіліктер тұрақты түрде өткізілді. Іс-шаралар барысында тұрмыстық қалдықтар, пластик, ескі ау торлары және су экожүйесіне зиян келтіретін басқа да қоқыстар жиналып, шығарылды.
Сенбіліктерге балық шаруашылығы учаскесінің қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері және жақын маңдағы елді мекендердің бейжай қарамайтын тұрғындары қатысты.

Жұмыстардың экологиялық және алдын алу маңызы

2025 жылы жүргізілген іс-шаралар балық шаруашылығы учаскесінің санитарлық жағдайын жақсартуға, балық шабақтарының тіршілікке бейімділігін арттыруға және тұрғындар арасында су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Су биоресурстарын қорғау мен көбейтуге бағытталған кешенді тәсіл Сырдария өзеніндегі балық шаруашылығының тұрақты дамуының негізі болып табылады.

2025 жылы Сырдария өзенінің №2 балық шаруашылығы учаскесінде атқарылған жұмыстар өз тиімділігі мен маңыздылығын көрсетті. Алдағы уақытта шабақтандыру, жас балықтарды құтқару, экологиялық мониторинг және аумақты абаттандыру шараларын жалғастыру жоспарлануда. Бұл өзеннің табиғи әлеуетін келешек ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді.

ЖК «Жалғасбаев Т.С»