Ауданымыздағы «Қамқорлық» отбасын қолдау орталығының құрылғанына көп болған жоқ. Өткен жылдың басында ғана құрылған орталықтың негізгі міндеті мен бағыты – өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анықтау және оларға тиісінше қолдау көрсету болып табылады.
Мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөнінде шараларды іске асыру, өмірде қиын жағдайларға тап болған адамдарды өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, оларға әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарды бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұратын дағдырыс орталықтарына орналасуына көмек көрсету, мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Сонымен қатар, демеушілер арқылы қайырымдылық шараларын да жасайды.
Орталықтың жұмысын жандандыру мақсатында «Мобильді топ» құрылып, оның құрамына құқық қорғау органдарының басшысы мен орынбасарлары, білім, денсаулық сақтау, мекеме басшылары мен орынбасарлары, қала, ауыл әкімдері мен орынбасарлары, әлеуметтік сала қызметкерлері енген. Мобильді топ мүшелері онлайн форматта лекциялар мен сабақтарға қатысып, жұмыстарын жетілдіріп отырды.
Жуырда аудандық мәдениет сарайында мобильдік топтың мүшелеріне FSM Sociai мобильдік қосымша бойынша ҚР Еңбек министрлігі, «Еңбек ресурстары дамыту орталығы» өкілдері мен «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңесінің» басшысы Фарида Сағындықтың мобильдік тобы оқыту бағдарламасын өтті.
Түркістан облысының жұмыспен қамту, үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы және мобильдік топ мүшелері қатысқан оқыту-семинарында Түркістан облысының жұмыспен қамту, үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Мирова Күміс Кемелқызы, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның маманы Гүлнұр Сапарғали, «Socium» жүйесін сүйемелдеуші Мұратов Тимур, «FSM жүйесін» сүйемелдеуші Хамидолинов Ғалымжан Ғайроллаұлы, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның маманы Парманов Нұрболат Қасқырбекұлы және «Socium» сүйемелдеуші Рахметов Әмір Жамбылұлы оқыту-семинарларын жүргізді.
Қатысушылар ерте анықтау, профилактика, нәтиже, қиын жағдайға тап болған отбасылар жүйесі жайлы ақпараттармен қанықты. Бірқатар жұмыстар мысалдар келтіру арқылы түсіндірілді. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардар болуын арттыру, кешенді сүйемелдеу бойынша консультациялық көмекті жүзеге асыру, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жасау жолдары айтылды.
Жиынға қатысушылар семинардан мол мағлұмат алғандарын, оны өз жұмыстарында пайдаланатынын айтып өтті.
«Өскен өңір» – ақпарат.