Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтануына байланысты карантин жеңілдейді, - деп хабарлайды TurkistanZaman ақпарат агенттігі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
21 қыркүйек күні Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60 пайызға төмендегенін айтты.
Осыған байланысты ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:
27 қыркүйектен бастап Ashyq бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін.
Атап айтқанда, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар өткізу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар):
- Жасыл аймақта толтырылуы 50%-ке дейін, 100 орыннан артық емес;
- Сары аймақта толтырылуы 50%-ке дейін, 70 орыннан артық емес;
- Қызыл аймақта толтырылуы 50%-ке дейін 50 орыннан артық емес, – делінген.
Oskenonir.kz