«Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының ұйытқы болуымен 2021 жылғы «Жыл адамдары» сараланды.

Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларын атап өту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осынау жоба аясында оқырмандар қалаған тұлғасын таңдай алды. Дауыс беру телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы өткізілді. Арнайы құрылған Сарапшылар алқасы 2021 жылдың үздіктерін анықтады. Жыл үздіктерінің қатарында жерлесіміз Мәмбет Құрманбаев «Жыл блогері атанды».

Мәмбет Құрманбаев ұдайы ұлттық мүдде жолында белсенділік танытып, мемлекеттік тіл мәртебесін қорғау үшін өткір жазбаларын жариялап жүреді. Сонымен бірге «Жыл блогері» таяуда «Еңбегім еліме» медалімен марапатталды.

Жасы 70-ті алқымдағанымен әлеуметтік желіде үнемі әлеуметтік мәселелерді көтеріп отыратын жерлесімізге марапатыңыз құтты болсын дейміз.

Oskenonir.kz