Таяуда Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Шағырбаевтың бұйрығымен Шаданов Қанат Пернеханұлы Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шардара ауданының тұрғын үй және газ қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Қанат Пернеханұлы 01.01.1987 жылы Ақшеңгелді ауылдық округі, Ақалтын ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолында 2008-2009 жылдары «ҚазақФинансҚұрылыс» ЖШС директорының орынбасары, 2009-2014 жылдары «ҚазақФинансҚұрылыс» ЖШС-ның директоры қызметін атқарған.

2014 жылдан бері Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарып келеді, сонымен қатар 2019-2021 жылдары «Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Шардара тұрғын үй сервистік компаниясы» ЖШС директорының міндетін атқарушы болып қызмет еткен.

Қанат Пернеханұлының жаңа қызметінде табысты болуына тілектеспіз.

«Өскен өңір» – ақпарат.