1 шілдеден бастап Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілді. Бұл ретте некені тіркеу үшін өтініш беру рәсімі өзгеріссіз қалады.

Осы орайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Б.Басымбектің бұйрығымен Мылтықбаева Эльмира Байбекқызы Шардара аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Э.Мылтықбаева еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы №266 балабақшада тәрбиеші болып бастаған. 1995-1998 жылдары Ақ алтын ауылындағы «Балапан» балабақшасының музыка пәнінің мұғалімі, 2001-2003 жылдары «НИМЭКС» ЖШС зертхана меңгерушісі, 2006-2008 жылдары Шардара аудандық Әділет басқармасының іс жүргізушісі, 2008-2011 жылдары Шардара аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы, 2011-2015 жылдары осы басқарманың бас маманы, 2015 жылдан 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

Эльмира Байбекқызының жаңа қызметінде табысты болуына тілектеспіз.

«Өскен өңір» – ақпарат.