
Өткен аптада аудандық ардагерлер үйінде облыс тарапынан белгіленген жоспарға сәйкес «Жас ұрпақ тәрбиесі» бағытында алқа мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімдігі мен ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет және білім саласының өкілдері, жастар орталығы, аудандық аурухана, бастауыш ардагерлер ұйымдары, әжелер алқасы, медиаторлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Толық оқу ...

Өткен аптада аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан прокуроры Алмас Әлі «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытының өкілімен кездесу өткізді. Жиында жүгері зауытындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Толық оқу ...

Кешегі аптаның сенбісінде Шардара ауданында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі 62-ші турнирі өз мәресіне жетті. Облыстық дәстүрлі турнирге облысымыздағы аудандар мен қалалардан келген 9 команда құрамындағы 106 спортшы қатысты.
Толық оқу ...

Аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жаңартылған жұмыс орнымен танысты. Іс-шара барысында әкім орталықта қызмет алушы ардагерлермен кездесіп, олардың денсаулығын жақсартуға бағытталған массаж креслосын тарту етті. Қызмет алушылар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Толық оқу ...