Кешегі аптада Ақтөбе қаласынның "Қоныс" спорт кешенінде “Alash Pride-100” турнирінде жерлесіміз, Сүткент ауылының келіні Файзоллақызы Зәмзәгүл қарсыласын қолын қайыру әдісімен жеңіп, чемпиондық белбеуге ие болған болатын.

Жерлесіміздің осынау жеңісіне орай өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев З.Файзоллақызын қабылдап, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, аудан әкімінің атынан Алғыс хат пен сый-сияпат тапсырып, ыстық лебізін білдірді.

Шардараның ұл-қыздарын былай қойғанда, келіндеріне дейін чемпион ғой!

Жеңіс құтты болсын!

«Өскен өңір» – ақпарат.