
9 шілде күні Шардара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Тұрақты комиссия отырысын комиссия төрағасы Б.Кеншім жүргізіп отырды.
Комиссия отырысына аудандық мәслихат төрағасының өкілеттігін уақытша атқарушы Қ.Тілешова, аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешов және аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары М.Асықбаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің сектор меңгерушісі М.Өтенов, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Қ.Нұрманов, Достық ауылдық округінің әкімі Е.Ақжігітов, Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы С.Ыдырысов, Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Н.Нұрсейітов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы К.Әнуарбек қатысты.
Тұрақты комисссия отырысына төмендегі мәселелер қаралды:
- Шардара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №31-156-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аудан әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі.
- Қала, ауылдық округ әкімдерінің және облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған қала, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есебі.
- Достық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі.
- Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі.
- Жаушықұм ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі.
- Ауданды көгалдандыру мен аббаттандыру және санитарлық тазалығы мәселесі бойынша аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі.
- Көксу ауылдық округінің Жоласар елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы.
- Шардара ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №38-250-VI «Шардара ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аудан әкімдігінің құрамына енгізілген өзгерістерге келісім беру туралы.
- «Шардара ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің құрамын бекіту туралы».
- Шардара ауданындағы құрамдас бөліктеріне атау беру туралы.
Жиында М.Асықбаев, М.Өтенов, Қ.Нұрманов, Е.Ақжігітов, С.Ыдырысов, Н.Нұрсейітов, К.Әнуарбектер хабарлама жасады.
Депутаттар тарапынан тиісті бөлім басшылары мен ауыл округтері әкімдеріне сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар назарға алынатын болды.
Аудандық мәслихаттың баспасөз қызметі




