
15 шілдеде Шардара аудандық прокуратурасында кадрлық өзгерістер орын алды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Еркебұлан Каратуновтың төрағалығымен өткен аппарат жиналысында Шардара ауданының прокуроры Алмас Әлі көпшілікке аудан прокурорының жаңа орынбасары болып Елшібаев Нұрмахан Рысбекұлының тағайындалғанын жеткізді.
Сонымен бірге жиын барысында Шардара ауданының прокуроры А.Әлі жергілікті билік өкілдерін аймақтағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Аудан әкімдігі мен прокуратура органдары алдағы уақытта да заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыратын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.




