17 шілде күні «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында, филиал төрағасы А.Үмбеталиевтің төрағалығымен жартыжылдық есеп беру жиыны өтті.

Онда облыс бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы негізінде “Жол картасының» ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдық жоспарының және аумақтық филиалдардың атқарған жұмыстары (партиялық жобалардың орындалуы), БПҰ-да (бастауыш партия ұйымы) атқарылып жатқан жұмыстарын үйлестіру жайлы қорытынды есеп тыңдалған болатын.

Жиын барысында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Үмбеталиевтің тарапынан аумақтық филиал төрағалары мен атқарушы хатшыларына тиісті тапсырмалар берілді. «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі тапсырмасында, «Жол картасының» Шардара ауданына қатысты тармақтарының 2025 жылға жоспарланған индикаторлардың орындалуын қатаң бақылауға алу бойынша және БПҰ-ды жұмыс кабинетімен, оргтехникалармен, тағы басқа қажетті партиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге тапсырма берілді.

Осы мақсатта Шардара аудандық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы фракция мүшелері өткізген фракция отырысында «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Е.Бекет облыстық филиал төрағасының берген тапсырмаларын орындау мақсатында депутаттық корпусқа жеткізіп, жиынға қатысып отырды.

Күн тәртібінде:

1) Ауданда «Жол картасының» кейбір тармақтарының орындалмау қаупі бар екендігі, оны назарда ұстау;

2) Аудандық мәслихат депутаттарының өздерінің сайланған округтеріндегі БПҰ-да атқарған жұмыстары жайлы сайлаушылары алдында есеп беру;

3) Шекара маңында орналасқан аудандардың экономикалық өсуі мен әлеуметтік дамуы үшін дайындалып жатқан жаңа Заң жобасына депутаттық корпустың ұсыныстарын тыңдау мәселелері қаралды.

Аталған отырыста аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2023-2027 жылдарға арналған «Жол картасының» биылғы жылға арналған жоспарының орындалуы барысын баяндады.

Сонымен қатар осы «Жол картасы» бағдарламасында аудандық мәслихат депутаттары, партияның фракция мүшелері әр сала бойынша өздеріне жүктелген «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалуы, жеңілдетілген несиелерді бөлдіру, шалғайдағы елді мекендердегі тұрғындармен кездесіп, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Құқықтық көмек беру» сияқты тағы басқа партиялық жобалардың орындалуы бойынша жұмыстарды ортаға салды.

Сонымен қатар шекара маңында орналасқан елді мекен тұрғындарының және мал шарушылығымен айналысатындарды толғандырып отырған мәселелерді (ұсыныс, тілектерін) тыңдап, жергілікті жерде шешілетін мәселелер болса шешіп, облыстық, республикалық деңгейде шешілетін болса тиісті орындарға жеткізу міндеттелді. 

«Өскен өңір» – ақпарат.