
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары жұмыссыз жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
«Жастар практикасы» – 35 жасқа дейінгі түлектерге өз мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға, болашақта тұрақты жұмысқа орналасуға жол ашатын бағдарлама.
Бағдарламаның шарттары:
Тәжірибе ұзақтығы – 12 айға дейін.
Ай сайынғы төлем – 30 АЕК (117 960 теңге мемлекет есебінен).
Еңбек өтілі есепке алынады.
Тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
Қатыса алатындар: Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі, соңғы 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған жастар қатыса алады. Жас мамандар мемлекеттік мекемелер мен түрлі кәсіпорындарға өз мамандығы бойынша тәжірибеден өтуге жіберіледі.
Қалай қатысуға болады? Enbek.kz порталы арқылы немесе Шардара аудандық «Мансап орталығына» жүгіну арқылы (8-778-418-77-28).
Шардара аудандық «Мансап орталығы» филиалының баспасөз қызметі.




