
Жуырда аудан әкімдігінде Шардара аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысты. Жиынды аталған кеңестің төрағасы Нұрмаханбет Сапаров жүргізіп отырды.
Белгіленген күн тәртібі бойынша жиында тиісті мекеме, бөлім басшылары атқарылған жұмыстар бойынша хабарлама жасады. Алғаш болып аудандық орталық аурухана бас дәрігсрінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұрғали Молдаханов сөз алды. Ол өз кезегінде аудандық орталық аурухананың «Дені сау ұлт жобасы» аясында денсаулық жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Аудандық емхана мен аурухананың толық құрамы жөнінде айтып өткен хабарламашы денсаулық саласындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Сонымен қатар профилактикалық алдын алу шараларының негізінде көптеген аурулардың төмендегенін атап ѳтті. Туберкулезден қайтыс болғандар жоқ. Жыл сайын ауданда бала туу көрсеткішінің төмендеп бара жатқанына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған шараларға тоқталды.
Аудан әкімінің орынбасары аудандағы 85000 тұрғынның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 69000 адамның тіркелгенін, күндік табыс табумен, кафеде, таксиде жұмыс істеп тіркелмей жүрген 14 мыңдай адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтгі.
Мұнан кейін «Шардара аудандық білім бөлімінің білім сапасын арттыру бойынша 2025 жылдың 7 айында атқарған жұмыстары», «Жолдаудан туындайтын міндеттердің орындалуы», «Білім туралы Ұлттық бағдарламалардың орындалу барысы», «Оқушы балалардың жазғы демалысын ѳткізу бойынша атқарылған іс-шаралар туралы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы» аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мұрат Мырзабасовтың есебі тыңдалды. Баяндамашы аудандық білім бөліміне қарасты, 32 мектеп, 41 мектепке дейінгі ұйымның жаңа оқу жылына қаншалықты дайындықпен келгендігін атап өтіп, жасалған құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, мектептердің оқулықпен қамтылуы туралы да мәліметтер келтірді.
Биылғы жылы 5-10 сынып оқушылары ішінен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларынан жазғы сауықтыру лагеріне баратын 1000 оқушы Кентау қаласындағы «Үркер» жазғы сауықтыру лагерінде, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «QH Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы аясында 70 оқушы Түлкібас ауданының Састөбе ауылындағы «Арман» сауықтыру лагерінде, облыс әкімінің қолдауымен 32 оқушы Тѳлеби ауданы «Тау барысы» сауықтыру лагерлерінде демалған. Сонымен қатар Мұрат Мырзабасов мектептердің білім сапасы, өткізілген пәндік олимпиадалар, конкурстар, байқаулар, ұлттық біріңғай тест қорытындысымен таныстырды.
Баяндамашылар сонымен қатар жиында қамтылған салалар бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, шешілу жолдарын бірге талқылады.
Қорытынды барысында көтерілген, талқыланған мәселелер бойынша тиісінше шешімдер қабылданды.
Өз тілшімізден.




