Жуырда «Қамқорлық» отбасын қолдау орталығында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру бағытындағы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға әлеуметтік қызметкерлер, медицина мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен орталық қызметкерлері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты — қоғамда зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, азаматтарға құқықтық, әлеуметтік және медициналық тұрғыда жан-жақты қолдау көрсету.

Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға тигізер кері әсері, оның түрлері, салдары, сондай-ақ зардап шеккен жандарға көрсетілетін медициналық, психологиялық және құқықтық көмектің жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстар мен нақты шаралар талқыланды.

Іс-шараға қатысқан әлеуметтік қызметкерлер, медицина мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен орталық қызметкерлері тұрғындармен ашық диалог форматында пікір алмасып, өмірлік маңызды мәселелер төңірегінде кеңестер берді.

Өз тілшімізден.