
1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев өңірдегі бірқатар ардагер- лерді қабылдады.
«Қария – халықтың қазынасы. Қарияға құрмет көрсету – біздің ұлттың рухани дәстүріміз. Сіздер сынды ардагерлердің елге сіңірген еңбегі ешқашан ескерусіз қалмайды. Өмірлік тәжірибелеріңіз бен ұр- паққа қалдырған өнегелі жолдарыңыз – бүгінгі қоғам үшін баға жетпес құндылық», – деді Арман Қарсыбаев құттықтау барысында.
Кездесу барысында аудан әкімінің бастамасымен арнайы дайындалған «Құр- метті ардагер» медалі табыс етілді. Қариялар өз кезегінде көрсетілген құрмет пен ілтипат үшін аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, шы- найы ризашылықтарын жеткізді.
Бүгінде Шардара ауданы бойынша 7000-нан астам зейнеткер өмір сүруде. Қала мен ауылдарда 31 бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді.
2025 жыл ішінде Шардара қаласындағы «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қолдауымен 558 зейнеткерге санаторилік жолдама берілген. Бұл – аудан әкімдігі тарапынан ардагерлерге көрсетіліп отырған нақты әлеуметтік көмектің бір көрінісі.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.




