
1 қазан – Халықаралық «Қарттар күніне» орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев зейнет жасындағы жалғызілікті қарттарды құттықтап шықты.
«Қария – халықтың қазынасы. Сіздер сынды ардагерлердің ел үшін төккен тері, еткен еңбегі, ұрпаққа қалдырған өнегесі – тарихымыздың алтын парағы, ұлтымыздың мәңгілік мақтанышы.
Өмірлік тәжірибеңіз, өнегелі ғұмырыңыз, жас ұрпаққа қалдырған тәлім-тағылымыңыз – қоғам үшін үлкен қазына. Сіздердей ардагерлердің еңбегі мен үлгісі болашақ ұрпақ үшін сарқылмас рухани байлық болып қала береді.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен құт-береке тілеймін. Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа, ғұмырыңыз ізгілік пен жақсылыққа толы болсын!» – деді А.Қарсыбаев.
Сондай-ақ, аудан басшысы Сәрсенкүл Кемалқызына «Шардара ауданына 60 жыл», Орынбасар Әріпбайұлына «Құрметті ардагер» мерекелік медалі мен Алғыс хат табыстады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.




