Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында топ жарып,

Әнұранымызды шырқатқан әлем чемпиондары – Санжар Зәрубек, Ердәулет Мұхамбетов және Нұрдәулет Айдарханға су жаңа автокөліктердің кілтін табыстады. Ал, армрестлинг құрамасына 10 миллион теңгенің сертификаты берілді.

Өңір басшысы спортшылардың бұл жетістігі – тек Түркістан облысының ғана емес, бүкіл елдің мерейін үстем еткен зор жеңіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде чемпиондар мемлекет пен жергілікті билік тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыс айтып, алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғауға бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын жеткізді. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.