Өткен аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев 25 қазан – Республика күні және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні мерекелеріне орай әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді қабылдап, құрмет көрсетті.

– Сіздерді Республика күнімен және кәсіби мерекелеріңіз – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Сіздер – адамдарға жылулық пен қамқорлық сыйлайтын, мейірім мен жауапкершілікті қатар алып жүрген абзал жансыздар. Әлеуметтік саладағы еңбектеріңіз – қоғамдағы ынтымақ пен адамгершіліктің айғағы. Халықтың әл-ауқатын арттыруға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге сіңірген еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді Арман Романұлы.

Кездесу барысында әлеуметтік сала қызметкерлеріне «Шардара ауданына 60 жыл» мерекелік медалі мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.