
Жуырда Түркістан қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додада сары құрлықтың түкпір-түкпірінен келген мықтылар боз кілемде бақ сынап, өз салмақ дәрежелерінде үздіктерді анықтады.
Биылғы біріншілікке Азияның 13 елінен – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Үндістан, Жапония, Иран, Моңғолия, Пәкістан, Непал, Филиппин, Бангладеш және Қазақстаннан барлығы 150-ге жуық балуан қатысып, жанкүйерлерге тартысты белдесулер сыйлады.
Жарыс нәтижесінде жерлесіміз +100 келіде бақ сынаған Қайсар Шамшидинов алтыннан алқа тағынды.
"Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын" – дей отырып, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз.
«Өскен өңір» – ақпарат.




