30 қараша күні Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Дала сазы» ІІ республикалық өнер байқауы өткен болатын.

Өнер додасына Шардара аудандық балалар саз мектебінің оқушысы Сұлтанхан Бірханым Рахымжанқызы қатысып, бақ сынаған еді. Дарынды шәкірт аудан намысын абыроймен қорғап, өнерімен көпшілікті тәнті етті. Бала күнінен домбыраны жанына серік еткен Бірханым байқау барысында «Ұлттық аспап» жанры бойынша І орынды иеленді.

Бірханымды өнерге баулып, жарысқа дайындаған ұстазы Байбахова Кенжеқыз Серікбайқызын да шын жүректен құттықтаймыз!

Өз тілшімізден.