

Аптаның сейсенбісінде аудан прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы «Қоғаммен бірге бол» жобасы аясында тұрғындармен және қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – азаматтармен тікелей байланыс орнату, өзекті мәселелерді талқылау және прокуратура жұмысының ашықтығын арттыру.
Жиынға аудан прокуроры Алмас Әлі, аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Бердешов пен Е.Каратунов, аудандық полиция бөлімі, қала және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мекеме өкілдері қатысты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов жүргізді.
Жиында тұрғындар тарапынан әлеуметтік мәселелер, құқық тәртібі, жергілікті атқарушы органдар жұмысына қатысты түрлі сұрақтар көтерілді. Аудан прокуроры азаматтардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, әрбір мәселе бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында көтерілген мәселелер бақылауға алынып, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілетіндігі атап өтілді. Сонымен қатар аудан прокуроры тұрғындармен келесі ашық кездесу 2026 жылдың 13 қаңтарында өтетінін назарға салды.
"Өскен өңір" – ақпарат.




