Күні кеше Жаңа жыл мерекесіне орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан аумағындағы зейнет жасындағы аналарды арнайы құттықтады.

Кездесу барысында аудан басшысы ардақты аналарға алдағы Жаңа жыл мерекесіне байланысты ізгі тілегін жеткізді.

«Сіздерді келе жатқан 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін. Әр күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа, ғұмырларыңыз ізгілік пен жақсылыққа толы болсын. Балаларыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін. Жаңа жыл Сіздерге береке мен тыныштық әкелсін», – деді аудан әкімі.

Іс-шара барысында аудан әкімі ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетіп, оларға «Шардара ауданына 60 жыл» және «Құрметті ардагер» мерекелік медальдары мен сый-сияпаттар табыстады.

Аталған кездесу ардагер аналарға деген сый-құрметтің, қамқорлық пен ізеттің айқын көрінісі болды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.