“Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес аудандық “Шаруашылық қызметі” мекемесі санитарлық тазалықты бақылауға алып, кезекті сенбілік ұйымдастырды.

Су қоймасы маңындағы сенбілік барысында тұрмыстық қалдықтар жиналып, жағалау аймағы тазартылды. Өкінішке қарай, әуесқой балықшылар мен кейбір демалушылар табиғатқа немқұрайлық танытып, демалыс орнын ластап кетуде.

Құрметті демалушылар! Айналаңызға жанашырлық танытып, өздеріңізден қалған қалдықтарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастауларыңызды сұраймыз. Табиғатты бірге қорғайық!

«Өскен өңір» – ақпарат.