
Шардара қаласын сапалы, әрі тұрақты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба жоспарға сай жүзеге асып жатыр. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев құрылыс нысандарына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды арнайы бақылап қайтты.
Жоба аясында бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар:
Су құбыры желілері жобадағы 39 шақырым су құбырының 27 шақырымы тартылды. Диаметрі 560 мм SDR17 полиэтилен құбырлары екі бағытта жүргізілуде. Жұмыстар жалғасуда.
14 ұңғыма қазылды. Оның ішінде:
- 4 ұңғыма толық аяқталған
- 10 ұңғымада су тазалау жұмыстары жүргізілуде
- 500 м³ резервуардың бетон құю және іргетасын қалау жұмыстары аяқталды.
- Су өткізбейтін жабын жасау жүріп жатыр.
- Сорғы станциясы мен әкімшілік ғимараттың шатыры жабылуда.
Электр желілерін тарту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.
Бұл жоба – Шардара қаласының тұрғындарын таза ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік бастама. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жалғасуда.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.




