Дүниежүзілік сайлау күні — демократиялық құндылықтарды, азаматтардың сайлау құқықтарын және еркін, әділ сайлауды ілгерілетуге арналған халықаралық бастама. Ол жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі.

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Шардара ауданында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шаралар барысында Заң үстемдігі, Тәуелсіздік, Ашықтық, Инклюзивтілік, Кәсібилік және алқалылық қағидаттары қатаң сақталып, кездесулер «Электоралды қағидаттар – сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында өткізілді. Бұл іс-шараларға жалпы саны 1500-ге жуық азамат қатысып, олардың 1000-нан астамын жастар құрады. Аталған бағытта 60-қа жуық түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Кездесулер мен семинарлар барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында дәрістер мен тақырыптық кездесулер өткізілді.

Жоғарыда аталған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге үлестерін қосқан аудандық білім бөлімінің басшысына, аудандағы білім беру ұйымдарының ұжымдарына және мекемелердің басшыларына алғысымызды білдіреміз. 

Құрметпен, Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Кошалиев