Қазір біздің елімізде бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалған. Бұған мемлекет басшысының өзі айырықша көңіл бөліп отыр. Аудан әкімі де бұл мәселені назардан тыс қалдырған емес.

Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы Ө.Түгелбаев көшесінде орналасқан шағын өндірістік алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аумағы 1,0 гектарды құрайтын өндірістік алаңда 6 ғимарат салынуда. Қазіргі таңда алаң толықтай инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, электр энергиясы, ауызсу, газ жүйесі тартылып, асфальт жол төселген.

Алаң пайдалануға берілген жағдайда бірқатар жеке кәсіпкерлер өз жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр. Олар – «Сайлаубай» жеке кәсіпкерлігі – туникафон цехы, «Анипа» жеке кәсіпкерлігі – модульді капсулды үйлер жасау цехы, «Балкенова» жеке кәсіпкерлігі – фасад және декор өнімдерін өндіру цехы, «Абрасилов» жеке кәсіпкерлігі – термопанель жылу өнімдерін жасау цехы, «Ғабит» жеке кәсіпкерлігі – жұмсақ жиһаз цехы, «Сәбит» жеке кәсіпкерлігі – жиһаз жасау цехы.

Аталған жобалар іске асқанда 31 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Аудан әкімі Арман Романұлы кәсіпкерлермен кездесіп, олардың жоспарлары мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, жауапты сала мамандарына шағын өндірістік алаң құрылысының сапалы, әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.