
Шардара қаласының тұрғындарын жерасты көздерінен алынатын ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған Шардара топтық су құбырын салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Жоба аясында жалпы ұзындығы 39,3 км болатын құбыр салу көзделген, оның ішінде бүгінде 27 км немесе 68,7% салынды. Сондай-ақ қуаты 380 кВт болатын трансформатор орнатылады. Жұмыстарды жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
«Шардара-Байырқұм» кен орнындағы жерасты суының бекітілген қоры тәулігіне 49,2 мың текше метр. Су құбырының қуаты тәулігіне 12 мың текше метр. Жобаны іске асыру Шардара қаласын сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Аудан әкімі Арман Романұлының қатаң қадағалауының нәтижесінде шардаралықтар биыл таза ауыз суды тұтынатын болады деп сенеміз.
«Өскен өңір» – ақпарат.




