Кешегі аптада аудандық деңгейде алдағы референдумға дайындық бойынша коалиция құрылып, жұмыс кездесуі өтті.

Жиын барысында үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар алдағы іс-шаралардың желілік кестесі бекітілді. Алдағы уақытта атқарылатын нақты міндеттер мен іс-шараларға жауапты тұлғалар айқындалды.

Жиында аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі, әйелдер және жастар өкілдері өз ұсыныстарын білдірді.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы тарапынан халықпен ашық жұмыс жүргізу, сапалы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және әр азаматтың саналы таңдау жасауына жағдай жасау негізгі міндет екені атап өтілді.

«Өскен өңір» – ақпарат.